Алматы қаласы Білім басқармасының
"№83 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727)234-10-22
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Страница 11
Біліктілікті арттыру
18
қыркүйек
2024
Біліктілікті арттыру
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін Алматы қаласының математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндерінен сабақ беретін жетекші педагог-тренер даярлау мақсатында, 7-17 қыркүйек аралығында гимназияның биология пәні мұғалімі Турова В.Г. шет елдік тағлымдамадан өтті. Тағлымдама функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша халықаралық зерттеулерден үздік саналатын Сингапур мемлекеттінде
Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік
17
қыркүйек
2024
Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік
Мүдделі органдармен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Түрксіб ауданы ПБ қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Тақырыптары «Буллингтен қорған!» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» "Нашақорлық пен лудомания" тақырыптарында 5-11 сынып оқушыларымен алдын-алу әңгімелесуін жүргізді. Әсіресе цифрлық әлемдегі қауіп қатер : лудомания, ойынқұмарлыққа бой алдыру, нашақорлық, сату, тарату, жарнамалау сұрақтарына ас назар аударды.
Сынып сағаты
16
қыркүйек
2024
Сынып сағаты
2024 жылдың 16 қыркүйек күні гимназияның барлық сыныптарында Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығымен бірлескен жұмыс негізінде бейне баян көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қуыршақтар театры
13
қыркүйек
2024
Қуыршақтар театры
Бүгін, қала күніне орай оқушылар №6 БШ үйінде қуыршақтар театры мен цирк тамашалады
Чемпионмен кездесу
11
қыркүйек
2024
Чемпионмен кездесу
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру және қыркүйек айының құндылығы еңбекқорлық және кәсіби біліктілік аясында, бүгін 2022 жылдың гимназия түлегі universal boxing organization - 2024 версиясында бокстан Азия чемпионы Баситов Тимур 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Тимур оқушылардың сқтарына жауап бере отырып, қатал тәртіп пен нақты мақсаттың болуы жетістікке жетелейтінін айтты.
Сынып жетекшілеріне арналған Семинар
10
қыркүйек
2024
Сынып жетекшілеріне арналған Семинар
Сынып жетекшілеріне арналған семинар 9 қыркүйекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары В. В. Казанцева А.Е. Жыкбаева "Біртұтас тәрбие" бағдарламасына сәйкес жұмысты жоспарлау бойынша сынып жетекшілеріне семинар өткізді. Қатысушылар бағдарламада белгіленген құндылықтармен танысты, 2024-2025 жылдары сыныптарда тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Ағымдағы оқу жылында 70 Сынып-жинақ, сынып жетекшілерін тағайындау туралы бұйрық шығарылды. Жаңадан тағайындалған сынып
9 қыркүйек - тоғызқұмалақ күні
09
қыркүйек
2024
9 қыркүйек - тоғызқұмалақ күні
2024 жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы мектеп оқушылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін Тоғызқұмалақ күніне арналған флешмобқа қатысады. Шараға қатысуға 28 мектептен 2800 оқушы тіркелді. Шара сағат 8.00-ден 20.30-ға дейін Сауранбаев көшесінің жаяу жүргіншілер аймағында өтеді. Аталмыш шара Түрксіб ауданы әкімдігінің және Түрксіб ауданының білім басқармасының қолдауымен өткізіледі. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Оқу жылының алғашқы аптасы
06
қыркүйек
2024
Оқу жылының алғашқы аптасы
Мектептің бірінші аптасы аяқталды. Бірінші және екінші ауысымды кезекші әкімші, кезекші сынып жетекшісі және өз лауазымындағы күзетші қарсы алады. Біздің бірінші сынып оқушылары сынып жетекшілерінің көмегімен турникеттерден өтуді үйренеді. Мектептің алдындағы көшеде мектеп полициясының қызметкері мен ЖПП патрульдік көлігі кезекшілікте тұр. Барлық оқушыларға жаңа оқу жылының сәтті өтуін тілейміз!