29
мамыр
2025
Байқау «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер балалар көзімен»
Бүгін «Қазақстан балалары» жоспары аясында Түрксіб ауданында Балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың кауіпсіздігі – басты назарда» атты балалар сурет байқауы өтуде. Жарыс Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер балалар көзімен» деп аталады. Байқауға аудандағы барлық 28 мектептен жас өнерпаздар қатысуда. Олар өз шығармаларында осы ерлік кәсіптердің маңыздылығын көрсетеді, сонымен қатар үйде, қоғамдық орындарда қауіпті жағдайлардан аулақ болуды үйретеді.

