09
қыркүйек
2024
9 қыркүйек - тоғызқұмалақ күні
2024 жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы мектеп оқушылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін Тоғызқұмалақ күніне арналған флешмобқа қатысады. Шараға қатысуға 28 мектептен 2800 оқушы тіркелді. Шара сағат 8.00-ден 20.30-ға дейін Сауранбаев көшесінің жаяу жүргіншілер аймағында өтеді. Аталмыш шара Түрксіб ауданы әкімдігінің және Түрксіб ауданының білім басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Ойын жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Бұл ойын ақыл-ойды дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнаған бала өскен соң күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсетеді, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады. Ойын халықтың мінезін танытады.
Тоғызқұмалақ ережелерінен қазаққа тән мінез-құлық ерекшеліктерін көруге болады. Отау саны мен құмалақ санының аталған ойындардан көптігі де ұлтымыздың жомарт, еркін болмысын сипаттайды, қазақ даласына тән кеңдігін көрсетеді.
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз.