09
сәуір
2025
"Өлмейтін өмір кілті" атты әдеби әуен кеші
Алматы қаласы Орталандырылған кітапханалар жүйесінің #1 Балалар кітапхана бөлімшесінде Каһарман Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай "Өлмейтін өмір кілті" атты әдеби әуен кеш өтті. Кеш қонағы Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, ұлағатты ұстаз, домбырашы Ермұрат Үсенов #83гимназия оқушыларымен кездесіп, балалардың өнерін тамашалады.