КӘСІБИ БАҒДАР / ПРОФОРИЕНТАЦИЯ
2023 жылдың 28 ақпанында №83 гимназияға, 2012 жылғы түлегі, «ҚазХҚжәне ӘТУ лингвистикалық колледжінің» корей тілі пәнінің мұғалімі Зарина Шайпитен келді. 9-сынып оқушыларымен кездесуде ол Лингвистикалық колледжде аудармашылар даярлайтынын айтты. Ағылшын тілінен басқа студенттер екінші шет тілін: қытай, түрік, неміс, француз, корей тілдерін оқиды. Колледжде оқу ақылы негізде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі (айына 59 000 теңге). Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай (180 адамды қамтылды). 28