19
наурыз
2025
19 наурыз- Жаңару күні
83 гимназия КММ-нің бастауыш сынып оқушылар арасында қош келдің Әз-Наурыз тақырыбында іс-шара өткізілді.Іс-шарада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.Аспан би ансамблі “Наурыз” биімен кешіміздің ажарын келтірді.Жүргізушілер 3-сынып оқушысы - Әмина,4-сынып оқушысы-Эмирхан. 3-4 сынып оқушылары қазақ халқының салт-дәстүрлерінен “Байғазы”,”Бесікке салу “ көріністерін қойып, салтымыздың ерекшеліктерін атап өтті.4-сынып оқушылары Дінмұхаммед пен Ерсұлтанның патриоттық әндері шырқалып, қызғалдақтай қыздарымыздың билерін тамашаладық. Кешті 2-4 сынып оқушыларының Наурыз мерекесіне арналған өлең жолдары жалғастырды.Кеш соңында “Наурыз-Көктем”әні шырқалды. Қорытынды сөз мектеп директоры Нургалива А.Г-ға беріліп, кешімізді жақсы деңгейді аяқтадық.Келе жатқан Наурыз мерекеміз құтты болсын💐

