25
қараша
2024
«Мейірімді жүрек» акциясы
Акцияның мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсінуге, өз бойындағы жағымды қасиеттерін білу, психикалық денсаулықты сақтауға бағытталған жаттығулар жасалды. Акция барысында оқушылар өз жылы лебіздерін досына анаға, әкеге, ұстазға жазып, ілді.