Күзгі демалыс күндері гимназиямызда Мектеп әкімшілігі тарапынан төмендегідей әдістемелік жұмыстар жүргізілді: » Гимназия №83
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№83 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727)234-10-22
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Күзгі демалыс күндері гимназиямызда Мектеп әкімшілігі тарапынан төмендегідей әдістемелік жұмыстар жүргізілді:
03
қазан
2024

Күзгі демалыс күндері гимназиямызда Мектеп әкімшілігі тарапынан төмендегідей әдістемелік жұмыстар жүргізілді:

1.2024-25 оқу жылындағы «Жас мұғалімдер» мектебінің жұмысын талдау, оның ішінде білім берудегі құжаттармен таныстыру,бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) құрастыру, оның жүргізілу тәртібі, уақыты, жас мұғалімнің сынып жетекшілігіндегі ерекшеліктері туралы мәлімет берілді.
2.Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатындағы «Тілдік портфель» жобасының талқылауға әр мектептің қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшілері атсалысқан ауқымды шараның жобасы жасалынып, іске қосылды. Іске СӘТ, әріптестер!
3.Мектепішілік 8-11 сынып оқуышлары арасында Лингвитикалық олимпиада өткізілді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
4Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыстың жеке жоспары, сабақ кестесі бекітіліп, жеке жұмыс жүргізілді.
5.29 қазан 2024 жылы «Адал ұстаз» байқауының мектепішілік кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпазы ағылшын тілі мұғалімі Сопыбаева Л.Э болды. Құттықтаймыз!!!
6.29 қазан 2024 жылы «5 сынып оқушыларының орта буынға өткендегі бейімделуі» туралы сабақтастығын қамтитын Педагогикалық консилиум өтті