Құттықтаймыз! » Гимназия №83
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№83 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727)234-10-22
Версия для
слабовидящих
» » Құттықтаймыз!
19
ақпан
2024

Құттықтаймыз!

2024 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласындағы Қ.Құжамьяров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Бала шабыты» халықаралық жобасының, дарынды балалар мен жасөспірімдердің халықаралық шығармашылық өнер байқауының Ережесі негізінде "Starfall" Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен өтті. Қазылар алқасының құрамында көрнекті өкілдер – еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері мен танымал хореография мұғалімдері болды. «№83 гимназия» КММ-нің «Аспан» хореографиялық тобы белсене қатысып, үлкен жетістіктермен оралды:Гран-при «Вальс» - 6 сынып,
1 орын – «Таңғы дүбір» – 2 сынып,
1 орын – «Дискотека» – 4 сынып, жетекшісі Олеся Олеговна Безуглая.
1 орын – «Айлакер тышқандар» – 1 сынып, жетекшісі Галина Петровна Митюхина.
Бас жүлде «Армян биі» - 7 сынып, жетекшісі Қуандықова Шолпан Қойшанқызы.
Гран-при «Қазақтың стильдендірілген биі» - 8 сынып, жетекшілері Қуандықова Ш.К. және Безуглая О.О.
Байқау қазылар алқасының мүшелері «Аспан» ансамблінің хореографиялық өнерін, би киімдерінің талғампаздығын, бидің стильдері мен жанрларына дәл сәйкестігін жоғары бағалады.