Семинар » Гимназия №83
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№83 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727)234-10-22
Версия для
слабовидящих
27
қараша
2023

Семинар

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Өрлеу РКДИ аға оқытушылары Абайдуллаева Айгуль Аманжоловна мен Комекова Сандуғаш Оралхановна ББЖМ бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Алматы қаласы, №2 жалпы білім беретін мектеп базасында «Функционалдық сауаттылықты дамыту ХХІ ғасыр дағдыларын жетілдіру мен жеке тұлғаның үйлесімді дамуының шарты ретінде» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар «шебер сынып» форматында функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізілді

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ББЖМ тапсырмалар аясында талқылаулар жасалды, ББЖМ дайындық пен болжамды нәтижелері жүйелі талданды.

Семинар жұмысына №83 гимназия мұғалімі Камасова Жанар Рахимжановна математика мұғалімі қатысып, бірқатар өзекті тақырыптар аясында өз тәжірибесімен бөлісіп, шебер-сынып көрсетті, атап айтсақ: ББЖМ есептерін шешу әдіс-тәсілдері.