«КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі / Республиканский челлендж домбристов «КҮЙ КҮМБІРІ» » Гимназия №83
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№83 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727)234-10-22
Версия для
слабовидящих
» » «КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі / Республиканский челлендж домбристов «КҮЙ КҮМБІРІ»
17
наурыз
2023

«КҮЙ КҮМБІРІ» Республикалық домбырашылар челленджі / Республиканский челлендж домбристов «КҮЙ КҮМБІРІ»

2023 жылғы 17 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Түрксіб ауданы «Серуен мен демалыс аймағына айналған «Арбат» жая жүргіншілер алаңында Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ»  Республикалық домбырашылар челленджі өтті. Аудан мектептерінен, оқушылар үйінен 600 оқушы,  70 педагог, 20 ата-ана қатысып, домбыраның үнін күмбірлетті. Оркестірді дирижер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен басқарды. 
Мұндай шара Қазақстанда және қаламызда алғаш рет өткізіліп отыр.Әр уақытта Наурызда өткізілетін мерекелік іс-шаралар, халықтық мерекелер, ұлттық ойындар домбыраның күмбірлеген үнімен сүйемелденеді және бүгінгі шара есте қаларлық болды. 
Dombra-challenge-дің мақсаты – өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, дәуірлік аспап – домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.
Өткен дәуірдің ұлы ойшылдары мен күйшілері: Абай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Жаяу Мұса қазақ халқының дүниетанымын, сезімін, арман-тілегін домбыра үнімен бейнелеген. Олардың дәстүрін бүгінгі ұрпақ жалғастырып келе жатыр – мерекеде  Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлері шырқалып, қазақтың сұлу да еркін даласының шексіз кеңістігінен сыр шертетін. 
Домбырашылар челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. 


В канун весеннего праздника Наурыз в городе Алматы в Турксибском районе на пешеходной зоне по улице Сауранбаева 17 марта в 12:00 прошёл Республиканский челлендж домбристов «КҮЙ КҮМБІРІ», посвященный празднованию Наурыза.
Звуки домбры одновременно зазвучали на праздничной площадке в исполнении 600 учеников школ, гимназий, домов творчества, 70 педагогов и 20 родителей. Руководил сводным оркестром дирижёр - заслуженный деятель искусств Республики Казахстан, профессор, Үкібай Дүйсен.

Такое мероприятие в Казахстане и в нашем городе проходит впервые. Это значимое событие в культурной жизни страны. Целью Домбра-challenge является воспитание у молодого поколения патриотических чувств, сохранение и распространение культурного наследия нации, популяризация игры на эпохальном инструменте - домбре.
Величайшие мыслители и музыканты прошлого: Абай, Курмангазы, Даулеткерей, Жаяу Муса звуками домбры отображали мировоззрение, чувства и мечты казахского народа. Их традиции продолжает наше современное поколение - на празднике прозвучали кюи Құрманғазы «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», которые рассказали о бескрайних просторах прекрасной и свободной казахской степи.

Челлендж домбристов проводится в республике впервые и является уникальным событием в культурной жизни республики.

«КҮЙ КҮМБІРІ»  Республикалық домбырашылар челленджі / Республиканский челлендж домбристов «КҮЙ КҮМБІРІ»