Хабарландыру » Гимназия №83
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№83 гимназия"
управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
Қабылдау:
+7(727)234-10-22
Версия для
слабовидящих
» » Хабарландыру
19
март
2024

Хабарландыру

Алматы қаласы Білім басқармасының «No83 гимназия» КММ 2023-2024 оқу жылына мынадай мамандықтар бойынша бос ұстаздық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Орыс тілді сыныптар үшін ағылшын тілі пәні мүғалімі декреттік демалыс уақытына
(Педагогикалық жүктеме - 18 сағат)
2. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні ұйымдастырушы-педагог

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2024 жылдың 20 март бен 05 апрель аралығында құжаттарды қабылдау кезеңінде мына құжаттарды қағаз түрінде Алматы қаласы, Шолохов улица, 28, директордың кеңсесі мекенжайына жібереді.

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 февральдағы No 57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
2. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
6. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7. наркологиялық ұйымнан анықтама;

8. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
9. ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
10. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

05 апрель сағат 15:00-де Алматы қаласы, Шолохов улица, 28, «No83 гимназия» КММ мекенжайы бойынша педагог лауазымына орналасуға өтініштерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген үміткерлер комиссия отырысына қатысуға шақырылады.




Похожие публикации:

12 февраль 2024 Хабарландыру
03 январь 2024 Хабарландыру
12 октябрь 2023 Кәсіби бағдар
31 август 2023 Хабарландыру
16 август 2023 Хабарландыру