Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі » Гимназия №83
Коммунальное государственное
учреждение "Гимназия №83"
Управления образования
города Алматы
Приемная :
+7(727)234-10-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
08
сентябрь
2021

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Циклограммаға сәйкес 1-11 сынып оқушыларына «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Міне, осы жағдайларды ескере отырып өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында тәрбие сағатында балалар оның шығу себептері, олардан сақтану, болдырмау ережелерімен танысып өтті.